• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:40:56
+35°

Ақмола облысында жүк көлігі батпаққа батып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, 16 сәуірде Шортанды ауданы Бектау ауылының маңындағы жолда еріген қар суының тасуынан автожолдың бір бөлігі шайылып кеткен.

"Shaanxi-Man" көлігінің жүргізушісі қиыршық тас зауытына бара жатқанда батпаққа батты. Бульдозер мен тростың көмегімен жүк көлігін тартып шығаруға тырысқанымен, көлік кабинасы су астында қалды. Содан кейін көліктің бүкіл жері жасанды тоғанға батып кетті. Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Денесі Нұр-Сұлтан қаласының мәйітханасына жіберілді" делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір