• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 02:05:32
Алматы
+13°

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл туралы Ринат Рафхат есімді facebook желісінің қолданушысы мәлім  етті.

– 16 жылдан кейін шекара қоршауын өзгерту ақылға қонымсыз. Шекараны шегеледік деп мақтанатын Назарбаевтың өтірігін ашып тастады. Тайжан сияқтылар "ауылшарушылық жерлер сатылмайды" деп жүргенде, Ресей шекарасы бүтін бір ауданның ауылын халқымен бірге жұтып қоюға жақын.

Ал санкциямен жаны қысылған Ресей дәл осы уақытта шекараны ығыстырудағы мақсаты не екен? Тегін емес (әттең баралмай тұрмын), – деп жазды Ринат Рафхат.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған “Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі” бойынша екі ел арасында шекара белдеуі орнатылып жатыр.

“Демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын "2016" әскери бөлімі жүргізуде” делінген хабарламада.

Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев облыс әкімдігінің facebook-тегі парақшасында бұл жұмыстар қазір емес, бұрын басталуға тиіс екенін, бірақ әртүрлі себептермен жүргізілмей келгенін жазған.

– Тек биылғы жылдың 14 сәуірінде шекарашылар құрылыс жұмыстарына кірісті. Шекара қоршауы жұмыстары жүргізілмес бұрын, 13 сәуірде әкімдік, шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұмыстардың заңдылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда сондай-ақ шекара қызметі мен құқық қорғау органдары да жасалып жатқан жұмыстардың заңдылығын ұғындырды, – деді әкім.

Желі қолданушысы Ринат Рафхат бұл мәселеге үкімет, президент және СІМ жауап беруге тиіс екенін айтады.

– Бұл мәселе аудан, облыс әкімдері шешетін мәселе емес. Үкімет, президент аппараты және сыртқы істер министірлігі тарапынан араласып, тез арада халық алдына жауап беруі керек, – деді ол.

Қамшы ақпараттық агенттігі де Атырау облысы әкімдігінен мәселеге қатысты ресми түсіндіруді талап етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір