• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:40:58
Алматы
+35°

Бір тәулікте елде  2719 адамнан коронавирус табылып, 35 науқастан пневмония анықталған. 22 адам короновирустан, 1 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 289 720 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 51 879 адамнан пневмония анықталған.

19 сәуірдегі ақпарат бойынша 38 620 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр, 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір