19 Сәуір, 2021 NEWS
Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш пен сыртқы істер министрі Ян Гамаче/Фото: GETTY IMAGES
Чехияның ресейлік 18 дипломат-шпионды елден шығарып жіберуінде мән бар екен. Прага 2014 жылы Чехиядағы қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасының жарылып кетуіндегі Ресейдің рөлі туралы мәселені талқылауға НАТО-ға ұсыныс жасапты. Прага 2014 жылы Чехиядағы қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасының жарылуындағы Ресейдің рөлін талқылау туралы НАТО-ға ұсыныс жасады. Ресей бұған жауап ретінде чехиялық 20 дипломатты РФ-дан қуғалы жатыр. Чехияның 18 дипломатты елден қууын Польша мен АҚШ мемлекеттік департаменті қолдаған.
Қазіргі кезде Батыс елдерінің барлығы Ресейге қарсы қозғалыс үстінде. Шамасы оның басқа елдердің ішкі істеріне тұмсығын сұға беруі олардың да қытығына әбден тисе керек. Бірақ бәрі Трамп кезінде ашық айтуға бата алмай іштерінен тынған сияқты. Польшаның, Чехияның, оның алдында Ұлыбританияның, Норвегияның демарштары осының айғағы.
Бірақ бәрінен де асып түскені Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвестің мәлімдемесі болды. Ол жалпы ресейліктерге уақытша Еуроодаққа кіруге тыйым салу керек депті туиттердегі жазбасында.
"Мұндай уақытша үзіліс РФ тарапынан кез келген визитке қатысты болса деймін. Барлық қарым-қатынасты мүлдем тоқтату керек. Қырымға басып кіргенге дейін осы бір өркөкірек адамдар тіпті ЕО-мен визасыз режим енгізу керек деп талап қойған болатын. Жай ғана виза беруді тоқтатыңыз, болды. Тек кейбір отбасы жағдайларына байланысты төтенше жағдайлар болса, соны ескеру керек шығар. Еуропаның қауіпсіздігі тұрғанда қайдағы виза? деп жазды Ильвес.
"Ресеймен арадағы барлық елшіліктерді жабу керек" деген ұсыныс бұған дейін де айтылған болатын. Енді Эстонияның бұрынғы басшысының аузымен айтылып отырған ұсыныс – Ресей мәселесін нақты, түбегейлі шешу жолдарының бірі, бұл Ресейге деген Батыс елдерінің қазіргі көзқарасы деуге болады.
Қуаныш Еділхантегі
Шолушы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір