• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:57:17
Алматы
+35°

Елде 18 сәуірде коронавирустан 30, пневмониядан 3 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік дерегінше, елде тағы 2530 адамнан коронавирус, 11 адамнан пневмония анықталған.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 634 адам коронавирустан, 363 адам пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 836 пациент стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.  

Індетке шалдыққандардың арасында 663 адамның жағдайы ауыр, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр, 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2020 жылғы 13 наурыздан 2021 жылғы 19 сәуірге дейін ел бойынша ресми түрде коронавирустың 292 250 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 3436 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіле бастаған пневмония статистикасы бойынша, 51 890 жағдай тіркеліп, 754 жағдай өліммен аяқталған.

2021 жылғы 1 ақпанда басталған вакцинация аясында бүгінде 733 980 адамға екпе салынған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір