• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:32:57
Алматы
+35°

Шағын жинақты мектеп педагогтер жалақысын жаңаша төлеу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

– 2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтермен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектептердегі педагогтер жалақысын жаңаша төлеу жүйесіне көшіруді жоспарлап отырмыз, – деді Аймағамбетов.

Министр ауылға жұмысқа келген жас мамандарды ынталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту қарастырылып жатқанын айтты.

– 2021 жылдан бастап 18 сағаттық жүктемеден 16 сағаттық жүктемеге, 2024 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуіміз қажет. Сонымен қатар ауылға жұмысқа келген қалада оқыған жас мамандарды ынталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ал оқушылар үшін "Цифрлық репетитор" жобасын енгізу қарастырылып жатыр, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір