• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:27:44
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп Ақорда сайты хабарлады.

Бас прокурор мемлекет басшысына елдегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы айтқан.

Сондай-ақ қылмыстық процестің 3 буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берді.

Ғ. Нұрдәулетовтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған.

Кездесу барысында бас прокурор кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, прокурорлық қадағалауды бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлау бойынша берілген  тапсырмаларды орындау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылған.

Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір