• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:20:13
Алматы
+12°

2020 жылы елу ірі салық төлеуші ел бюджетіне 3,9 трлн теңге салық төлеген. Бұл – 2019 жылға қарағанда 32,3 пайызға аз, деп хабарлады, finreview.info сайты.

2020 жылы пандемияға байланысты кей кәсіпорындар қашықтан жұмыс істеу көшіп, қашықтан жұмыс істей алмайтын компаниялар қызметін толығымен тоқтатқан. Бұл шаралар әлемдік экономиканың өсу қарқынына теріс әсер етіп, көптеген компаниялардың қызметін жүргізуде қиындықтар туды. 

Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру, арзандатылған кредиттер мен олардың мерзімін ұзарту, әкімшілік жүктемені азайту, бизнес-ахуалды жақсарту, бизнес мәселелерін жедел шешу секілді бірқатар шаралар енгізілді. 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектіні қамтыған бұл шаралар ЖІӨ-нің 1%-1,3% мөлшеріндегі салық түсімдерінен айрылуына әкеліп соқты.

Өткен жылы мемлекеттік бюджет 8,6 трлн теңгеге толықты. 2019 жылмен салыстырғанда оның көлемі 655,3 млрд теңгеге кем.

Бұл ретте салықтардың 46%-ын қалыптастыратын елу ірі салық төлеушіден 3,9 трлн теңге төленді, бұл 2019 жылға қарағанда 32,3%-ға аз.

2020 жылы бюджет түсімінің негізгі сомасын дәстүрлі түрде мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын кәсіпорындар құраған. Олардың үлесіне елу ірі салық төлеушілердің барлық төлемдерінің 59%-ы немесе 2,3 трлн теңге тиесілі. Өткен кезеңмен салыстырғанда осы компаниялар төлеген салық көлемі рекордтық 46,6%-ға төмендеді.

Рейтингте мұнай саласындағы компаниялардан кейін жайғасқан металлургия саласының салық түсімдері жалпы түсімнің 12,5 пайызын немесе 493,3 млрд теңге құрайды. 

Рейтингте мұнан соң темекі саласы жайғасқан. Оған үш ірі компания енген. Олар 271,5 млрд теңге салық төледі.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу компаниялары салық төлемдері бойынша ең ірі төрт саланың қатарына енген. Олардың бюджеті 200,9 млрд теңгені құраған.

Рейтингке сондай-ақ мұнай өңдеу саласының, телекоммуникация, банк секторы, логистика, спирттік ішімдіктер өндірісі, инженерия өкілдері кірген.

Қазақстанды асырап отырған 50 компания

 Қазақстанды асырап отырған 50 компания

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір