• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:39:27
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне ірі өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірлесіп, індеттің алдын алуды және онымен күрес шараларын уақтылы қабылдауды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте мәлімдеді.

– Індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде. Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты. Ал емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет, – деді Тоқаев.

Президент облыс басшылығына емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз ету, анестезиология және жан сақтау бөлімдерін толық жабдықтау, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір