• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:48:36
Алматы
+35°

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен оның жақтастарының жер сатуға қарсы митингі басталды.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты митинг өткізуге рұқсат бермеген. Алайда оқиға орнында жүрген Қамшы тілшілері алаңға 200-ге жуық адам жиналғанын жеткізді. 

Митингке шыққандардың қолдарындағы плакаттарда "Қазақстанның жерін сатпаңдар", "Саңырау президент керек емес", "Орманды қазақ та өсіре алады", "Қытай, жерімізге көз салма", "Қытайға жер беру – ұлттық сатқындық" деп жазылған. 

Белсенділер шерумен республика алаңына қарай жүре бастағанда, арнайы жасақ тоқтатып тастады.

Фото:

Митинг өтіп жатқан алаңда интернет бұғатталған және полиция қызметкерлері мен арнайы санитарлық мамандар жүр. 

Митингке Демпартия өкілдерінен бөлек қоғам қайраткері, журналист Рысбек Сәрсенбайұлы, саясаткер Төлеген Жөкеев, белсенді Рысбек Тоқтасын және белгілі режиссер Еркін Рақышев шыққан.

Сонымен қатар "Біртұтас Желтоқсан ұйымының мүшелеріміз" деп таныстырған бір топ адам қолдарына “Жер комиссиясы таратылсын”, “Жер иесі – халық" деп плакат алып шыққан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір