• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:45:15
Алматы
+35°

Алматыдағы "Бұқар жырау" тұрғынүй кешенінде атыс шығарған күдікті 17 қабаттан секіріп қаза тапты. Төменде түрлі баспасөз беттері мен телеграм ресурстарда жарияланған ақпараттар негізінде оқиға хронологиясы ұсынылған.

17:15. "Бұқар жырау" кешені тұрғындарының бірі қаруланып, атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Артынша ол күзетшісіні пышақпен жаралағаны хабарланды. Алматы полициясы аумақты қоршауға алып, тұрғындарды пәтерінен шықпауға шақырды. Полиция күдіктімен бірнеше мәрте келіссөз жүргізуге тырысты. Бірақ одан ештеңе шықпады. Осы уақытта ғимаратқа басып кіруге даярлық жүріп жатты.

17:57. Күдікті 22 қабатты үйдің 16 қабатында тұратын 60 жасқа келіп қалған ер адам екенін туралы ақпарат шықты. Бірнеше қабат тұрғындары шұғыл эвакуацияланды.

18:25. Тұрғынүй кешенінен атыс дауыстары естілгені хабарланды. 

19:04. Тұрғынүй кешені аумағында интернет бұғатталды. Осы уақытта атыс шығарған ер адам көршілеріне үнемі біртүрлі көрінетіні туралы ақпарат тарады.

19:19. Алдымен 3, одан кейін 5 оқ атылғаны естілді. Күдікті 50-60 жас аралығындағы ер адам, көршілерімен ұдайы жанжалдасып жүретіні жарияланды.

19:30. Жиырма шақты оқ даусы естілді.

19:55. Тағы 7 рет оқ атылғаны хабарланды.

20:04. Полиция күдіктімен диалогқа келмек болғанымен, ол сөйлесуге құлық таныспады. Осы аралықта күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатты.

20:51. ТК аумағына әскери джип, құтқарушылар, қосымша полиция мен жедел жәрдем көлігі келді.

21:11. Терезенің шағылғаны, атыс дауыстары естілді.

21:13. Күдікті терезеден секіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Кей ресурстар күдікті секірерде "аллаһу акбар" деп айқайлағанын хабарлады.

21:49. Күдіктінің көршілері осыдан екі апта бүрын атыс даусын естігенін, бұл туралы ПИК өкілдеріне ескерткенін мәлім етті.

22:00. Полицей жараланғаны туралы ақпарат тарады.

22:09. Күдіктінің психикасы тұрақсыз болғаны, дін туралы біртүрлі әңгімелер айтқаны, әйелі бала-шағысын алып, кетіп қалғаны туралы ақпарат шықты.

22:16. Алматы полиция департаменті күдікті өлімін растады.

22:21. ПД полицей зардап шекпегенін мәлім етті.

22:26. Оқиға орнынан шұғыл брифинг ұйымдастырылып, Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Салтанат Әзірбек күдіктінің "аллаһу акбар" деп айқайлағанын жоққа шағырды. Күдікті басып кіру жүзеге асқанға дейін секіріп кеткені, 1963 жылғы азамат екенін белгілі болды. Жалпы жиынтығы 30-ға жуық оқ атылған.

22:28. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 1 ішкі күзет қызметкері, 2 "спецназ" жараланғанын хабарлады.

22:38. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы  бұған дейін таратқан ақпаратты терістеп, тек 1 ішкі күзет қызметкері жараланғанын жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматыдағы атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір