"Мені сен сайлаған жоқсың". Желіде Жаркент әкімінің жұмысшылармен дөрекі сөйлескен видеосы тарады

/image/2021/04/26/crop-9_4_436x774_photo_359533.jpeg

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы Жаркент қаласының әкімі Болат Омаровтың үстінен қызметтік тексеріс бастады. Тексеріске қала әкімінің жүк көліктері жүргізушілерімен дөрекі сөйлескені көрінген видео себеп болған.

22 сәуірде "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы Nur joly стансасында екі жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша қамауға алынған. Шекара аумағында кезекте тұрған 100 жуық жүк көлігінің жүргізушісі Панфилов аудандық полиция бөлімінің алдына жиналып, әріптестерін босатуды талап еткен. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жиналғандарды тарауға шақыруға келген әкім дөрекі сөйлегені көрінеді.

– Олар заңды бұзғаны үшін ұсталды. Мұнда не істеп тұрсыңдар? Боқтама. Не сығалап тұрсың? Бәле іздеп тұрсың ба сен? Қайтсаңдаршы, не бар мында?, – дейді әкім.

Оның бұл сөздеріне жүргізушілер наразылық танытып, "неге дікілдеп сөйлейсіз, бізді қорқытпаңыз, сізді сізді халық сайлаған жоқ па" дейді. Сонда әкім "мені сен сайлаған жоқсың" деп жауап береді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Алматы облысы әкімі аппараты басшысының атына қызметтік тексеріс жүргізу туралы хат жолданып, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданбақ.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар