• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 00:17:13
Алматы
+14°

"Бұқар-жырау" кешенінің тұрғындары 24 сәуір күні Алматыда болған атысқа пәтер иелерінің кооперативі түрткі болғанын айтты. Бұл туралы КТК сайты хабарлады. 

Сайт мәліметінше, атыс болатын күні бизнес-класс санатындағы үйдің шаруашылығына жауаптылар жүйкесі жұқа азаматтың рұқсатынсыз жиһазын далаға шығарып тастаған. Бұл 17-пәтер иесінің ашуын туғызған. Содан ол қолына мылтық алып, кешеннің күзетшісімен жанжалдасып, артынша оның аяғынан атқан.

Көршілерінің айтуынша, атысты бастаған Руслан Исаев деген Ресей азаматы. 53 жастағы ер адам Дағыстаннан Қазақстанға әйелі, 4 баласымен жұмыс бабымен көшіп келген. Алайда 2 жарым жылдан кейін әйелі балаларымен бірге отанына оралған. Сонымен қоса бүлікшіл адам Шешенстанда соғысқа қатысқаны белгілі болды. Ол сонда миынан жарақат алып, ақыл-есінде ауытқу пайда болған. 

– Ал атыс болардан 10 күн бұрын пәтерінің терезесіне Ресей президенті Путинге қарсы ұран жазылған плакат ілген. Бұл туралы тұрғындар коммуналдық кәсіпорынға бірнеше рет хабарлаған. Алайда тиісті мекемеден еш әрекет болмаған. Егер кооператив қызметкерлері жедел жауап бергенде, қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді, – дейді көршілер.

Қазір полиция қызметкерлері қайтыс болған адам оқ-дәрі салынған қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр. 

Бұған дейін сенбі күні Алматыдағы "Бұқар жырау" тұрғынүй кешенінде атыс шығарған күдікті 17 қабаттан секіріп қаза тапқаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір