• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:47:53
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Марат Шибұтов пен "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, жазушы Дәурен Қуатты қабылдап, олардың қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегіндегі ой-пікірін тыңдады.

Мемлекет басшысымен кездесуде Марат Шибұтов еліміздің аумақтық даму мәселелері жөніндегі көзқарасын бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық орталықтардың, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын айтты. Саясаттанушы мемлекет пен қоғамның ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы ойын жеткізді.

Дәурен Қуат Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы, оның ішінде, "Қазақ әдебиеті" газетінің бүгінгі жағдайы жайында айтты. Сондай-ақ қазақ тіліндегі әдебиетті және баспа ісін қолдау жөніндегі ойын бөлісті. Оның ішінде, балалар әдебиетін дамыту туралы айтылды. Бұдан бөлек кездесуде отандық және шетелдік тарихшылар арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір