• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:50:48
+35°

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы, кәсіпкер Халиль Улуер жол апатынан көз жұмды. Қаралы хабарды Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі үшін өте ауыр суыт хабармен бөліскелі отырмын. Еліміздің Түркияның Невшехир провинциясында 2009 жылдан бері құрметті консулымыз болып келе жатқан тамаша, ақкөңіл азамат, адал дос, түріктің белгілі іскер адамы Халиль Улуер мырзаның және асыл жарының бүгін кешкі уақытта жол апатынан қаза тапқанын терең күйзеліс қайғымен білдім, – деді А. Сапарбекұлы.

Елшінің айтуынша, Халиль Улуер тек өз елінің емес, қазақ халқының нағыз жанашыр досы болған, қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосқан.

– Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар асыл азамат еді. Пандемия кезінде осындағы студенттерге қол үшін аямай көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын бергендердің қамқоршылардың алдыңғы шебінде еді. Елімізге инвестиция тарту үшін күндіз-түні бірге кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізіп жүр еді, – деп жазды елші әлеуметтік желідегі парақшасында .

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір