• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 02:23:42
Алматы
+13°

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы қызметінен кетіп, өкілеттігін президент Қасым-жомарт Тоқаевқа өткізеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының елордадағы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталатын кезекті отырысында белгілі болды, деп жазады sputnik.kz сайты.

– Елбасы туралы конституциялық заңға сәйкес, маған ҚХА-ны өмір бойы басқаруға құқық берілгені мәлім. Бірақ мен түбегейлі бас тартпаймын, ұдайы сіздермен боламын. Бірақ бірқатар өкілеттіктер президентке бекітілген. ҚХА қазіргі президентке арқа сүйеуге тиіс.  Мемлекет басшысы да ҚХА-ға арқа сүйейді. Мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқару құқығын Тоқаевқа беруді шештім, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда президент ретінде өкілеттігін тоқтатқан. Алайда Қауіпсіздік кеңесі мен NurOtan партиясына төрағалық ету арқылы билікке әлі ықпал етіп отыр. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚХА Назарбаев Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір