• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:49:54
Алматы
+35°

Несиесін жапқан 1,5 млн қазақстандықтың несие тарихы бұзылған. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Абдрахманов мәлімдеді. 

Оның айутынша, агенттік экономикалық талдау жүргізген. Қазіргі уақытта елде екі кредиттік бюро бар. Оларда 6,7 млн-ға жуық қарыз алушының ақпараты жинақталған. Бұл мәліметтерде қазіргі несиелер мен өтелген қарыздар, сондай-ақ төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелер бар.

– Осының арасында 1,5 млн адам несиесін жапқанымен, олардың нашар несие тарихы сақталып отыр. Өйткені бұл адамдар төлеу мерзімін 90 күннен асырып алған. Бұған байланысты банктер мен микроқаржылық ұйымдар оларға жаңа қарызды беруден бас тартады. Аталған 1,5 млн адамның арасында 489 мың адам бес жылдан астам уақыт бұрын төлеу мерзімі өтіп кеткен қарыздарын жапқан, – деді Нұрлан Абдрахман.

Несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда, көп азаматтардың несие тарихы туралы ақпарат өзгереді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір