• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:07:30
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов шетелге демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға үндеу жасады.  

– Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлығыңызға мәлімдеме жасағым келеді. Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Американың, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Аталған елдерде күн сайын қауіпті індет жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекордтық көрсеткіш күн сайын жаңаруда, – деді Қиясов.

Сондай-ақ ол коронавирус инфекциясы жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіретінін атап өтті. 

– Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз, – деді бас санитар дәрігер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір