• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:00:51
Алматы
+35°

Қазақстанда локдаун қандай жағдайда енгізіледі? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде жауап берді.

– Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда қабылданады, – деді ол.

Министр күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлап және ауруханалардағы  төсек-орындар жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде төтенше жағдай енгізілетінін айтты.

– Денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда, қатаң шектеу іс-шараларын енгізу шешімі қабылданады, – деді Цой.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір