• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:41:32
Алматы
+13°

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр.

Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Алматы әкімдігі бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда. Мәселен, "Магнум" (5,9 млрд.тг) және "Тоймарт" (404 млн. тг) ірі сауда желілерінде ӘМАТ-ның 19 атауы тіркелген, төмендетілген бағамен сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар берілді. Қазіргі уақытта "Тоймарт" сауда желісімен келісім-шарт 2021 жылдың қарашасына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, "айналым" қарыздарын беру арқылы ірі тауар өндірушілердің сату бағалары белгіленді. "Ақсай "НТК" ЖШС-не нан жеткізілімі үшін (1 млрд.тг), "Асыл Meat" ЖШС-не (42 млн. тг) және "Union Products" ЖШС-не (250 млн. тг) В, С класты сиыр етін (төс-жауырын бөлігі) дүкендерге жеткізу үшін несиелер берілді. Басқа тауар өндірушілерге айналымдық қарыздарын беру қосымша жүзеге асырылуда.

Қаланың жеті негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) "әлеуметтік дүкендер" ашылды. Онда 10 түрлі ӘМАТ (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон өнімдері, ұн) сатылады. Бағалар орташа нарықтық бағадан төмен, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады. Мұндай тетік өзінің тиімділігін көрсетті, осыған байланысты аталған сату нүктелерінің жұмысы 2021 жылғы 30 тамызға дейін ұзартылды.

Магнум және Small сауда желілерінде литры үшін 385 теңге бағамен тіркелген "Жайлау" күнбағыс майы 100 000 литр көлемінде сатылуда, бұл статистика департаментінің бағасынан 43,6% -ға (684 тг/л) төмен.

"Магнум" сауда желісінде 2020-2021 жж. маусымаралық кезеңінде (2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін) 14 мың тоннадан астам көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) сатылды. Аталған қорды орта нарықтық бағадан төмен бағамен іске асырудың арқасында, қала бойынша осы көкөніс сериясының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Осыған орай "Магнумның" көкөністер бөлімін және басқа да сауда желілерін қамтамасыз ету үшін 2021-2022 жж. маусымаралық кезеңде (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін) көкөніс көлемін 22 мың тоннаға дейін ұлғайта отырып, 2,5 млрд. теңгеге "форвардтық" сатып алу шарты жасалды.

Бірінші санаттағы жұмыртқаларға осы жылдың 30 маусымына дейін шекті баға (487 тг/он данасы) белгіленді. Бұған дейін (осы жылдың 1 наурызына дейін) қарақұмық жармасы (361 тг/кг) мен қанттың (30 наурызға дейін 254 тг/кг) шекті бағасы қолданылған, бұл әр позиция бойынша 90 күн ішінде бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Қаланың негізгі базарларында, сауда желілерінде, супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының күнделікті мониторингі жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір