• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:34:33
Алматы
+35°

Ресми тұлғалардың айтуынша, Мексика астанасы Мехикода метро эстакадасының құлауынан кемі 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп жазады bbc.com.

Қала метросының 12 линиясы Olivos стансасында аспалы жол опырылып, төменде кетіп жара жатқан вагонды басып қалған.

– Қазіргі таңда 15 адамның қаза тапқаны анықталып отыр, – деп хабарлады қала мэрі Клаудио Шейнбаум.

Жергілікті құтқару қызметінің дерегінше, оқыс оқиғадан 70-ке жуық адам зардап шеккен.

Үйінді астында адамдар болуы мүмкін екені ескеріліп, қаза тапқандар саны арту ықтималдығының бары хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір