• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:41:05
Алматы
+35°

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Қамза Ибраев қайтыс болды

Қамза Ибраев 1953 жылы 27 маусымда дүниеге келген. Ол Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. Кейін Мәскеу қаласындағы КСРО ҰҚК-нің жедел құрамасын дайындаудың жоғары курсын тәмәмдаған.

Еңбек жолын Аягөз қаласында автобекетте жұмысшы, жүргізуші болып бастаған. Оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан және Алматы теміржол саласында жетекші топтарда түрлі қызметтер атқарған. Қарулы Күштер қатарына шақырылып, өз жауынгерлік міндетін өтеген. 1981 жылдың ақпан айынан ҰҚК органдарында қызметте болған.

1984 жылдың маусым айынан мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. ҰҚК органдарындағы қызметі кезеңінде жедел-қызметтік іс-қимылын жетілдіру ісіне кәсіби тәжірибелі маман ретінде үлес қосқан.

"Айбын" екінші дәрежелі орденімен марапатталған. "ҚР ҰҚК құрметті қызметкері" және "Құрметті теміржолшы" төсбелгісі секілді түрлі мемлекеттік, ведомстволық медальдармен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір