• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:37:20
Алматы
+12°

Криптовалюта нарығында Dogecoin құны тағы да айтарлықтай өсті. Кейбір сарапшылар бұл өсуді Илон Масктың 8 мамырда "Saturday Night Live" бағдарламасына қатысатынымен байланыстырады.

Криптовалютаның өсуі сейсенбіде шамамен 30%, ал биыл 11000%-дан асты.

Dogecoin-ның жоғарлауы Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Масктың бірнеше твиттерінің әсерімен басталды. Сарпашылар қазіргі өсімге де Масктың жауапты екенін айтады.

"Dogecoin өсуде, өйткені көптеген криптовалюта трейдерлері "Saturday Night Live" бағдарламасында Илон Масктың кез келген әңгімесін жіберіп алғысы келмейді" деп жазды Oanda компаниясының аға сарапшысы Эдвард Моя.

Dogecoin 2013 жылы әзіл ретінде басталғанымен, жақсы дамып келеді. Илон Маск, Даллас Маверикстің иесі Марк Куба, Снуп Догг және Джин Симмонс сияқты атақты адамдардың қолдауымен оның құны көтеріліп келеді.

"Егер активтің айналасында жеткілікті қоғамдастық пайда болып, сол қауымдастық уақыт өте келе қандай да бір форма арқылы ұзақ мерзімді бағаны тиімді құруды шешсе, бұл шын мәнінде құнды валютаға теңестірілуі мүмкін" деді қаржылық сарапшы,  "BlockTower Capital" компаниясының бас директоры Майк Букелла.

"Dogecoin қазірдің өзінде ұлғайған баға көпіршігі болуы мүмкін. Дегенмен, оның қолдаушылары тіпті де жоғары көтеріп жіберуге ықпал етуі ықтимал" дейді ол. 

Бұған дейін Dogecoin-ды қолдайтын Илон Маск 28 сәуір күні твиттер парақшасында 8 мамырда Saturday Night Live бағдарламасына қатысатынын жариялап, "Dogefather" деп жазған болатын. Содан кейін криптовалюта құны жоғарлай түсті. 

Өткен жылы Илон Маск Марс валютасы криптовалюта болатынын айтып, үміткер валюта ретінде dogecoin-ды жариялаған соң үштен бір есе қымбаттаған

Бір ай бұрын да Tesla компаниясының бас атқарушы директоры және басқа танымал адамдар ықпалымен валюта құны 650% мөлшерінде көтерілді

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Dogecoin Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір