• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:06:51
Алматы
+35°

Мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын мәжілістің жалпы отырысының талқылауына ұсынды.

Оған сай, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау, оған қойылатын талаптар, аталған лауазымдарға кандидаттарды ұсыну тәртібі бөлігінде ұсыныстар енгізіледі. Осыған байланысты, заң жобасында саяси партиялардың әкімге кандидаттар ұсынуы да, азаматтардың өзін-өзі ұсынуы да көзделеді, бұл ретте өзін-өзі ұсынған адам өзін қолдау үшін тиісті қол санын жинауға тиіс.

Әкімге кандидаттарды қолдауға қол жинау тәртібі, оларды тіркеу, кандидатураны алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешімнің күшін жою, тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін әкімге кандидаттар ұсыну тәртібі, әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау, осы сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау тәртібі белгіленеді.

Сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлауда берілетін бюллетеньдерге "Бәріне қарсымын" бағаны енгізіледі, сондай-ақ саяси партиялар үшін парламент мәжілісіне өтудің шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетіледі.

– Бұл шара сайлауға қатысатын кандидаттың немесе саяси партияның ешқайсысына қанағаттанбайтын азаматтарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Баяндалғанның негізінде комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептейді, – деді комитет төрағасы Қанат Мусин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір