• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:39:54
Алматы
+23°

Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі

5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры бірлесіп, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Қазақ сахнасының ірі тұлғасы" атты көрменің ашылуына орай брифинг өткізді.

Брифингке Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Абзалиденұлы, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Ж.Толғанбай, театр директорының кеңесшісі, режиссер Е.Обаев, режиссер Ә.Рахимов, театр музейінің жетекшісі Н.Тамабекқызы, Серке Қожамқұловтың қызы М.Қожамқұлова және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Д.Сәкенұлы қатысты.

Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі

Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі

Театр музейі қорынан арнайы "Қазақ сахнасының ірі тұлғасы" атты ұйымдастырылған көрменің лентасын Мәриям Қожамқұлова және режиссер Әубәкір Рахимов қиды.

Іс-шара театр репертуарындағы Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек" музыкалық драмасымен жалғасты.

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір