• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:42:46
Алматы
+35°

SpaceX компаниясы "Starship" деп аталатын жұлдызаралық кемені жасауды біртіндеп алға бастырып келеді.

Ең соңғы прототип SN15 деп аталатын жұлдызкеме көкке көтерілуді және қонуды сәтті орындады.

Бұған дейінгі төрт сынақтың барлығында жұлдызкемелер жарылып кеткен.

Осы жолы жұлдызкеменің SN15 нұсқасы Техастағы SpaceX-тің ғарышқа ұшыру алаңында жерге сәтті қонды.  Нақты бақыланған маневр жасалып және барлық бұйрықтар табысты орындалды.

SpaceX компаниясының директоры Илон Маск осындай жұлдызкемелер арқылы Айға 2023 жылы, Марсқа 2026 жылы адамдарды жіберетінін жариялаған. NASA Айға ғарышкерлер жіберу үшін SpaceX компаниясын таңдағанын мәлімдеген болатын. 

Жұлдызкеменің табысты қону барысын SpaceX компаниясының YouTube арнасы арқылы көре аласыз: 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жұлдыз кеме SpaceX

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір