• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:30:51
Алматы
+12°

Айжан Ташенова/Фото: facebook

Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай сотта татуласа алмады. Бұл туралы Байбектің өкілі Айжан Тәшенова айтты.

«Бүгін сот татуластыру рәсімі аясында Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қатысты талап арызы бойынша жауапкерлердің қатысуымен онлайн-әңгімелесу өткізді.

Заңға сәйкес медиация – азаматтық процесс аясында өткізілуі міндетті талап арыз өндірісінің ажырамас бөлігі екендігін атап өткім келеді. Бұл талап Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 және 174-баптарында белгіленген. Яғни, соттың өзі татуластыру рәсімін ұйымдастырады және тараптарға дауды шешуге мүмкіндік береді.

Әңгімелесу барысында судья А.Өтепова осы рәсімнің еріктілігін атап өтіп, тараптарға дауды татуласу арқылы шешу құқығын түсіндірді.

Татуласу мүмкіндігі мен шарттары туралы біздің ұстанымымызды мен кешегі постта айтқан болатынмын. Сотта мен талаптарымызды растадым.

Ж. Мамай өз сөзінде алдындағы негізсіз ақпарат тарататын барлық материалдарындағыдай, сот талқылауына қатысы жоқ мәселелер бойынша әңгіме жүргізуге тырысып, талап арызда мәлімделген жәйттерге жанаспайтын басқа дүниелерді айтып кетті. Жауапкерлер татуласудан бас тартты.
Конструктивті диалогтың болмауына, сондай-ақ жауапкерлердің татуласу бойынша ұсынылған шарттардан бас тартуына байланысты судья А.Өтепова әңгімелесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Тағы да естеріңізге сала кетейін, сот – жалаң мәлімдемелер жасап, әсіресаясатшылдықпен айналысып, долбарлар айтуға арналған мінбер емес. Сотта тараптар мәлімдемелерін растайтын дәлелдемелерді міндетті түрде ұсына отырып, тек даудың мәніне қатысы бар жағдаяттар туралы ғана түсініктеме беруге құқылы.

Бұдан әрі Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес талап арыз берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, яғни 30 сәуірден бастап сот талап арызды мәні бойынша қарау үшін өндіріске қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Жұртшылықты істің барысы туралы әрі қарай да объективті түрде хабардар етіп отырамын», - деп жазды заңгер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір