• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:54:41
+35°

"Вашингтон әскери күштері осы демалыс күндері атмосфераға қайта оралады деп күтілген ірі қытайлық зымыранның қалдықтарын атуды жоспарлап отырған жоқ" деді АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин.

Журналистермен сұхбаттасқан Остин зымыранның мұхитқа құлайтынына үміт бар екенін және соңғы болжам бойынша, оның сенбі мен жексенбі аралығында түсетіндігін айтты.

– Біздің көп нәрсені істеуге мүмкіндігіміз бар, бірақ  зымыранды атып тастайтын жоспарымыз жоқ. Біз оның ешкімге зиян тигізбейтін жерге түсетініне үміттіміз. Ол мұхитта немесе соған ұқсас жерлерге құлайтын болар деп үміттенемін, – деді Остин.

Бейжіңнің "Long March 5B" деп аталатын зымыраны 29 сәуірде Қытайдың Хайнань аралынан ұшқан. 

Зымыраннан шыққан сынықтар АҚШ-тың шығыс қалаларын басып өткеннен кейін экватор маңында Тынық мұхитына түседі деп күтілуде. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки сәрсенбіде АҚШ ғарыш қоқыстарының қауіп-қатерлерін шешуге бел буғанын және халықаралық қауымдастықпен "көшбасшылықты, жауапты ғарыштық мінез-құлықты ілгерілету үшін" жұмыс істегісі келетінін айтты.

"Ғарыштық доменде жұмыс жасайтын біз үшін қауіпсіз немесе ойластырылған режимде жұмыс істеудің бір талабы болуы керек" деді АҚШ қорғаныс министрі.

Ал қытайлық таблоид Global Times басылымы сала инсайдерлеріне сілтеме жасап, зымыран "бақылаудан тыс" және "зиян келтіруі мүмкін" деген хабарларды "батыстық хайп" деп сипаттап, "үрейленудің қажеті жоқ" деп мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай зымыран

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір