• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қыркүйек, 06:49:20
Алматы
+9°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп Ақорда сайты хабарлады.

Үкімет басшысы президентке елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтты. Ол COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Қазақстанның "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткенін атап өтті.

– Азаматтарды вакциналау қарқыны артып келеді. 1 млн 565 мың адамға бірінші компонент салынса, 460 мың адамға екінші компонент егілген. 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында тәуліктік вакцина салу қарқыны 12,6 есе өскен. Кеше Қазақстанда 140 мыңға жуық адам вакцина салдырған, – деп айтты Мамин.

Премьер-министр Тоқаевқа  бизнесті қолдау жұмыстары туралы да ақпарат берді.

Ол қызмет көрсету саласында "ASHYQ" қосымшасын пайдалану ісі белсенді түрде артып келе жатқанын айтты. Қазіргі уақытта жүйе 3 мыңнан астам бизнес субъектілерін және елдің 720 мың тұрғынын қамтып отыр.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Кездесу соңында президент халыққа вакцина салу жұмысының қарқынын төмендетпеуді, азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір