• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:44:25
Алматы
+23°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі пандемиялық жағдайға байланысты Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлады.

"Елдегі және әлемдегі көптеген қоғамдық іс-шаралар мен жиындар онлайн режимде өтуде. Оның басты себебі пандемиялық жағдайды одан сайын күрделендірмеу екені белгілі. Өйткені, жұқпалы дертпен оқшаулану арқылы ғана күресудің маңызы күн сайын артуда. Әлемдік тәжірибеде коронавируспен күресудің оқшаулану тәсілі оң нәтижесін беріп жатқанын жақсы білеміз. Осы ретте Қадір түні үйде өткізіледі. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз" делінген хабарламада. 

Сонымен қатар ҚМДБ Қадір түнінде отандық телеарналар мен "Халық арна", "Хикмет ТВ" және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама ұйымдастыралатынын мәлім етті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір