• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:40:12
Алматы
+35°

ШҚО Риддер қаласында болған ірі өртке күдікті делінген адам ұсталды, деп жазады жергілікті ustinka.kz сайты.

Риддер қаласының полиция бөлімі күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағы бойынша (отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Кеше Риддер қаласындағы шаруашылықтардың бірінде қураған шөп жанып, жалын ағаштарды шарпын, оның арты үлкен өртке ұласқан. Күшті жел салдарынан өрт көрші Лесхоз ауылына қарай жылдам таралып, тұрғынүйлер бірінен соң бірі отқа орана бастады. Соның салдарынан 35 үй, 9 ғимарат өртеніп, 1948 жылғы әйел қаза тапты, 1949, 1980 жылғы 2 адам зардап шекті.

Облыс әкімі Даниал Ахметов өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана берілетінін, оған екі жарым ай қажет екенін мәлім етті. Мүлік шығындары бойынша, арнайы комиссия жұмыс істеп, шығын құнын анықтайды және өтемақы тағайындайды.

Қазіргі уақытта тұрғынүй алқабы мен шаруашылық құрылыстарында өрт толық сөндірілген, орман алқабында сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір