• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:10:31
Алматы
+12°

Татарстан автономиялық республикасының астанасы Қазанда мектепке шабуыл жасап, оқ атқан Ильназ Галявиев есімді 19 жастағы азамат туралы толығырақ ақпарат шықты. Бұл туралы  mbk-news.appspot.com сайты хабарлады. 

Белгілі болғандай күдікті бұрын өзі шабуыл жасаған  Джаудата Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте білім алған. 

Кейін колледжге IT мамандығы бойынша оқуға түскен. Алайда сәуір айында нашар үлгеріміне байланысты оқудан шығарылған.

"TISBI" білім ордасының хабарлауынша, Ильназ Галявиев оқу барысында ол өзін тыныш және жанжалсыз студент ретінде көрсеткен.

– Ол әрдайым ұқыпты және сабырлы еді, басқа студенттер мен мұғалімдерге құрметпен қарайтын. Желтоқсан айынан бастап Ильназ өндірістік тәжірибеге, қаңтардан бастап колледжге келмеді және топ кураторымен байланысын үзді. Ол өндірістік тәжірибе мен үш мемлекеттік емтиханды қорғауға келген жоқ, нәтижесінде ол оқудан шығарылды, – деп хабарлады "TISBI" университетінің баспасөз қызметі.

Жақында Галявиев "Құдай" деп аталатын телеграм арна ашқан. Қазір бұғатталған. Ол онда 6 мамырда жазба қалдырған. 

–  Мені құдай ретінде танып, бәрі өздерін менің құлдарым ретінде тануын қалаймын. Сіздер мен қалаған нәрсені жасауларың керек. Әлемде тірі жаратылыс қалмауы керек, бұл ғаламның қателігі, – деп жазады ол.  

Ол сондай-ақ "осы әлемде сіздердің барлығыңыздан құтылу үшін адам кейпінде пайда болдым" деп қосады.

Сонымен қатар, телеграм арнада оның бетінің төменгі бөлігін жауып тұратын шарфтағы суреті болды, оған "Құдай" деп жазылған.

Галявиев "Hatsan ESCORT PS" мылтықпен қаруланған. Қару оған ресми түрде тиесілі болған. Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Хинштейн өзінің телеграмында жазғанындай оқ атқан адам қайғылы оқиғадан біраз бұрын, 28 сәуірде қаруға рұқсат алған.             

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазан Татарстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір