• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:31:51
Алматы
+7°

Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск компания көліктерін Bitcoin арқылы сату жоспарын өзгерткенін жариялады.

"Tesla компаниясы Bitcoin арқылы көлік сатуды тоқтатты. Bitcoin өндірісі мен транзакциялар үшін қазба отындарын, әсіресе көмірді қолданудың жылдам өсетіні бізді алаңдатады. Криптовалюта керемет жақсы идея және біз оның болашағы зор деп санаймыз, бірақ бұл қоршаған ортаға зиян келтіру есебінен болмауға тиіс. Tesla ешқандай Bitcoin сатпайды және ол тұрақты энергияға көшкен соң ғана транзакциялар үшін қолданбақпыз. Сондай-ақ біз Bitcoin энергиясы транзакциясының 1%-ын ғана қолданатын басқа криптовалюталарды қарастырамыз" деп жазды Маск Twitter парақшасында.

Негізгі инвесторлар мен Tesla, Square, Metromile және Nexon сияқты компаниялар Bitcoin сатып алған. Дегенмен олар цифрлық валютаны ықтимал инфляциялық хедж ретінде қарастырады. Сонымен қатар, АҚШ орталық банкі пандемия кезіндегі экономикалық ауыртпалықты жеңілдету үшін ақша басып шығарған.

Голдман Сакс және Морган Стэнли сияқты Уолл Стриттің ірі банктері де өздерінің ауқатты клиенттеріне Bitcoin ұсынуға тырысты.

Бірақ  Softbank-тың  негізін қалаушы Масайоши Сон сияқты кейбір инвесторлар әлі күнге дейін криптовалютаға құлшыныс танытпады.

"Жақсы немесе жаман нәрсе бола ма, шын мәнінде бұл баға көпіршігі ме деген тақырыпта көптеген пікірталастар жүріп жатыр. Шынымды айтсам, мен білмеймін" деді Сон.

2021 жылдың бірінші тоқсанында Tesla 1,5 миллиард долларға "сандық активтерді" сатып алды, содан кейін 272 миллион долларға біраз бөлігін қайта сатты. Tesla-ның 26 сәуірдегі қаржылық мәлімдемесіне сәйкес, Bitcoin сатудан компанияға 101 миллион доллар пайда түскен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Биткоин Tesla

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір