• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:11:40
Алматы
+12°

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепте атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы берілуі мүмкін. Ол қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігі "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" фактісі бойынша айыпталуда. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады. 

Күдікті әзірге 2 айға тергеу изоляторына қамауға алынды. Галявиев дәрігер, психиатр, нарколог мамандарының есебінде тіркелмеген. Бұған дейін оның бас ауруымен бірнеше рет дәрігерлердің көмегіне жүгінгені анықталды.

Биылғы жылдың басынан бастап туыстары оның агрессиялық мінез-құлқын байқаған. Қазір тергеушілер Ильназ Галявиевтың 11 мамыр күні есірткі қолданған немесе қолданбағаны жөнінде сараптама нәтижелерін күтуде. Бірақ ол психологиялық-психиатриялық сынды тексерістерден өтуі керек.

Күдікті мектепке шабуыл жасамас бұрын Telegram-да арнайы канал ашып, сол жерде адамдарды өлтіретінін жариялаған.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласында 19 жастағы жасөспірім Ильназ Галявиев өзі оқыған № 175 гимназияға қарумен шабуыл жасап, мектептің  кіреберісінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан 2 мұғалім және 7 оқушы қаза тауып, 21 адам жарақат алды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Казан Татарстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір