• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:28:11
Алматы
+35°

Нұрбек Нұртаза есімді блогер Алматыда кездейсоқ кезіккен он шақты адамның несиесін жауып берді. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында хабарлап, оқиғаның толық видеосын youtube каналында жариялады.

Блогер өзінің әрекетін рамазан айында азаматтарға көмектескісі келгенімен түсіндірді. Оның айтуынша, бұл алғашқы қайырымдылық әрекет емес. Бұған дейін ол мұндай әрекетін жұртқа жария етпей жасап жүргенін айтады.

Блогер он шақты адамның несиесін жабуға 1 миллион теңгеден астап қаражат жұмсаған.

Видеода блогер жастар несиесін өзі жабуға мүмкіндігі барын қаперге алып, аналар мен егде жастағы адамдарға көмектестікі келгенін жеткізген.

Қазақстанда әр бес адамның төртеуінің басында несие бар. Бірінші кредиттік бюро дерегінше, 2020 жылдың соңында экономикалық белсенді халықтың (9,23 млн адам) 7,46 миллионында кредит болған. Елде соңғы үш жылда банктеріндегі несие көлемі 18 пайызға артқан. 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 14,8 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде 206,6 млрд теңге сомасындағы несиелер мерзімі өткен кредиттер қатарында. Ипотекалық несиелерді санамағанда, несиелердің орташа сомасы 320-350 мың теңге төңірегінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: несие қайырымдылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір