• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 12:24:22
Алматы
+24°

Тәуелсіз сарапшы Ринат Рафхат әділ сот құқықтарының сақталуы бойынша Халықаралық Құқықтық Бастама ұйымының атынан Жанболат Мамай мен NurOtan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек арасында басталған сот процессіне бақылаушы ретінде қатысқанын мәлім етті. Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.

"Сот 16:30 ға белгіленгенмен Әуезов аудандық сотынан таңдалған жаңа байланыс жүйесі өте нашар болды. Талапкер жақ еш кедергісіз қатысып отырғанымен, жауапкер тараптың уәждерін естіртпей әр 5 минут сайын байланыс жүйесінен автоматты түрде шығарып тастап отырды.

Осы жағдайды реттеу үшін судья үзіліс жариялады.

Бірнеше минуттан кейін сот отырысы WhatsApp видео байланыс жүйесі арқылы 17:20 да жалғасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған сот отырысында талап қоюшы талапкер Б.Байбек қатыспады. Қатысушы тек адвокаты.

Талап арыз орыс тілінде жазылғандықтан сот отырысы кезінде жауапкерлерге орыс тілінде өтуі керектігін ескертіп, судья Сартаева Ж.Мамай мен И.Иманбайға орыс тілінде сөйлеуді сұрады. Алайда, Ж.Мамай мен И.Иманбай мемлекеттік қазақ тілінде сөйлейуге толық құқықтары бар екенін айтып, орыс тілін түсінетінін және алдағы сот барысында өздері келтіретін аргументтердің бәрін қазақ тілінде айтатындарын мәлімдеді. Судьяның келіспеуге шарасы қалмады. Мүмкін талапкер жақ Б.Байбектің қорғаушысы Ташенова орыс тілді болуы мүмкін. Қазақ тілін түсінбесе аудармашы алу, талапкер тараптың мәселесі.

Жауапкер жақтың қорғаушылары Г.Нурпейсов пен А.Тусупова істің қосымша материалдарын алдын ала алмағандықтан, таныспағандықтан, іспен танысу керектігін судьяға ескертті. Алдын ала іспен танысулары керек екенін айтты. Шарасыз қалған судья 17 мамыр дүйсенбі күні сот ісімен танысуға рұқсат берді.

И.Иманбай судья Сартаеваға келесі сот отырысын басқа видео байланыс жүйесіне ауыстыруды талап етті. Анығында ZOOM жүйесі арқылы. Себебі сот барысына қатысқысы келетін БАҚ өкілдері еш кедергісіз ақпаратты алуына мүмкіндік жасау керек деп түсіндірді. Судья Сартаева келесі соттың негізгі отырысында БАҚ өкілдері процессті бақылауға мүмкіндік жасауға тырысатынын айтты.

Ж.Мамай: талапкер, жеке тұлға ретінде арыз жазу кезінде Б.Байбектің өзі тұратын мекен-жайды емес, НұрОтан партиясының мекен-жайын көрсеткенін ескертті.
Анығында, біріншіден НұрОтан мекен-жайы Б.Байбектің тұрғылықты жері емес. Екіншіден, "ар-намысыма тиді, қызметтік абыройыма нұқсан келтірді" деп өз атынан, яғни жеке тұлға ретінде талап арыз түсіргесін тұрғылықты мекен-жайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс еді. Үшіншіден, өзінің қорғаушысы Ташенова мен жауапкер тарап И.Иманбай мен Ж.Мамайдың жеке инн номеріне дейін көрсетіліп жазылған талап арызда Б.Байбектің жеке басын растайтын инн номеріде көрсетілмеген (төменде суретте). Бірақ, судья Сартаева талапкер Б.Байбектің мекен-жайы дұрыс жазылмағаны сот ісіне әсер етпейтінін, өзі қалаған мекен-жайды көрсете алатынын айтып, талапкер мен жауапкердің тең құқылы екендігін ескермегендей болды.
Демек, бейтараптылық бұзылғандай немесе негізгі сот процессі басталмай жатып біржақты өтуін меңзегендей болды.

Сот келесі отырысы сәрсенбі, яғни мамырдың 19 күні сағат 15:00 де жалғасады" делінген әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір