• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:16:33
Алматы
+23°

2005 жылғы 12 қарашада өз үйінде денесі табылған оппозиция жетекшісі Заманбек Нұрқаділовтың кіші қызы Мерей Нұрқаділова, TikTok-та әкесімен бірге түскен мұрағат кадрларын көрсеткен видео жариялады.

Видео ағылшын тіліндегі "мен барлық еркектерді жек көремін, бірақ ол..." деген фразадан басталып, әрі қарай Мерей мен әкесінің суреттері кетеді. Мерей Нұрқаділова бұл сөздері арқылы не айтқысы келгені белгісіз.

Заманбек Нұрқаділов ұзақ жыл билікте түрлі лауазымды қызметтер атқарып, өмірінің соңғы жылдары биліктен кетіп, оппозицияға өткен. Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, 2004 жылы жемқорлыққа қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялап, "Әділетті Қазақстан үшін" оппозициялық қозғалысының құрылтай комитетіне енген.

2005 жылғы 12 қарашада саясаткер Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда мерт болған. Тергеу амалдары "Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған" деген қорытынды жасаған.

Ол кезде Мерей небәрі үш жаста еді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ??ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір