• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 01:26:13
Алматы
+4°

Ардақты ағайын! Қамшы порталы алдағы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің құрметіне орай бүкіл Алаш баласын бір күн ораза ұстауға шақырады! Сол арқылы репрессия кезінде атылған 25 мың боздақ пен аштықтан қынадай қырылған 2 миллионнан астам қазақтың әруағына құран бағыштап, дұға жасауға үндейді.

Ассалаумағалейкум Алты Алашым,

Бітпеді-ау әлі күнге жанталасың!

Осыдан жүз жыл бұрын білесің бе?

Жазықсыз опат болған жарты Алашың!

 

Ресей ел қырғанда қазақ қырған,

Алдымен малын тартып мазақ қылған.

Адамды хайуанынан да аласартып,

Өз сүйегін өзіне «қажаттырған».

 

Содан соң арыстарды жер құштырды,

Көрге сүйреп, көп елді көнбіс қылды.

Сан миллион сүйектің жазығы жоқ,

Үстінен қан қызыл ғып елдік құрды.

 

Бұл күнде сол сүйектің үстіндеміз,

Астымыз ор, десек те «күшті іргеміз»!

Тәуелсіздік аспаннан түскендей боп,

Аруақты менсінбейтін міскіндерміз.

 

Ода айтқан қарғаға да, құзғынға да,

Әлихандай бола алмас мың нұр бала.

Тым құрыса құрбандар құрметі үшін,

Көнбеген қылышқа да, шынжырға да...

Ораза ұстайықшы бір күн ғана!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір