• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:41:19
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Coinbase деректері бойынша соңғы 24 сағат ішінде  криптовалюталар құны 20% төмендеген. Негізгі сандық валюта Bitcoin күндізгі ең төменгі деңгейге жетіп, сағат 7:30-да 36,189 доллар болды.
Бұл – ақпан айының басынан бергі ең төменгі деңгей.

ARK36 криптовалюта хедж-қорының атқарушы директоры Ульрик Лайке "Өткен аптада тек Bitcoin нарығы 250 миллиард доллардан астам қаржы жоғалтты. Бұл астрономиялық сан сияқты болып көрінгенімен, құбылмалы крипто-нарықта мұндай әрекеттер сирек кездеседі" дейді.

"Bitcoin тұрғысынан алғанда, қазір жағдай нашар болып көрінуі мүмкін, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда, бұл Bitcoin үшін кедергілер және ол бұрынғымен салыстырғанда азырақ кездергі" деді Лыкке.

Сонымен қатар басқа криптовалюталар да құлдырай түсті. Ethereum  шамамен 23%-ға төмендеп, 2 697 долларды құрады. Ал соңғы кезде танымал болған Dogecoin криптовалютасы 27%-ға яғни 37 центке төмендеді.

Осылайша, криптовалюта нарығы 24 сағат ішінде 380 миллиард доллардан астам қаражат жоғалтты. 

Сарапшылар бұл жолғы құлдырауға екі түрлі себеп айтады: 

Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск компания көліктерін Bitcoin арқылы сатуды тоқтатқанын жариялаған соң, криптовалюта нарығы көрнекті құлдырай бастады.

Сонымен қатар, бүгін таңертең Қытай билігі  криптовалютаны төлем түрі ретінде қолдануға болмайтынын мәлімдегеннен кейін Bitcoin және басқа ірі криптовалюталар үлкен құлдырауға ұшырады.

Салдарынан Bitcoin ақпан айының басынан бергі ең төменгі деңгейге түсті. басқа криптовалюталарда да қатты төмендеу байқалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Криптовалюта Bitcoin

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір