• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:56:34
Алматы
+12°

Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіс қайта күшейе түсті. АҚШ даулы аймаққа жойғыш кемелерін жіберді. Жағдайға байланысты Австралияның бұрынғы генерал-майоры Қытай мен АҚШ арасындағы үлкен соғыс қаупі туралы айтты, деп жазады австралиялық SkyNews басылымы.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістер сейсенбі, сәрсенбі күндері тағы да ушықты. Тайвань бұғазы арқылы Вашингтонның басқарылатын зымыран эсминеці өткеннен кейін Бейжің АҚШ-ты "арандатушылық жасады" деп айыптады.

Аймақтағы шиеленіс қақтығыс қорқынышын күшейтті. АҚШ Әскери-теңіз күштері "Arleigh Burke" классындағы басқарылатын "USS Кертис Уилбур" зымыран жойғышын даулы аймаққа аттандырды.

"Тайвань бұғазы арқылы соғыс кемесінің жүзуі АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағының еркін және ашық болуына деген міндеттемесін көрсетеді. Америка Құрама Штаттарының әскери күштері халықаралық заң рұқсат еткен жерлерде ұшуды, жүзуді және  жұмыс істеуді жалғастырады" деп мәлімдеді Вашингтон тарапы.

Бірақ Қытай "АҚШ-тың Әскери-теңіз күштері аймақтағы тыныштықты бұзды" деп айыптады.

Қытайдың Шығыс теңіз күштерінің өкілі "АҚШ-тың әрекеттері Тайваньның тәуелсіздік күштеріне дұрыс емес сигналдар жібереді және аймақтық жағдайды әдейі бұзып, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді" деді.

Ал, Австралияның бұрынғы генерал-майоры Қытай Тайванды күшпен қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда АҚШ пен Қытай арасында "өте үлкен соғыс" болатыны туралы ескертті.

"Қытайдың көршілеріне қатысты ұстанымы барған сайын агрессивті сипатқа ие болды және оның риторикасы одан сайын өршіп тұр" дейді австралиялық отставкадағы генерал-майор және либерал-сенатор Джим Долан SkyNews басылымына берген сұхбатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір