• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:10:56
Алматы
+12°

Израиль мен ХАМАС екі күн ішінде атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы келіссөздермен таныс израильдік шенеунік және есепті растаған тағы екі адам мәлімдеді.

Атысты тоқтату кезең-кезеңімен жүзеге асады деп күтілуде. "Келісім бойынша, алдымен Израиль ХАМАС-тың инфрақұрылымы мен нысандарына шабуылдарды тоқтатпақ, сондай-ақ Израиль ХАМАС-тың жоғары лауазымды мүшелерін өлтіру әрекеттерін тоқтатпақ" дейді ресми өкілдер.

Аты-жөнін атамауды өтінген шенеуніктердің ақпаратына сәйкес, ХАМАС Израиль қалаларын зымыранмен атқылауды тоқтатады. Израиль ХАМАС-тан Израильге қарай шабуыл туннельдерін қазуды және Газа-Израиль шекарасындағы зорлық-зомбылық демонстрацияларын тоқтатуды талап етіп отыр. Ақпараттар бойынша, келіссөздер әлі жүріп жатыр.

Келісімге сәйкес, атысты тоқтату күшіне енгеннен кейін, ХАМАС-тағы екі сарбаздың және Израильдің екі бейбіт тұрғынының мәйітін қайтару көзделген. Шенеуніктердің айтуынша, Израиль тауарлар мен қаражаттың Газаға өтуіне мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Израиль ХАМАС

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір