• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:35:50
Алматы
+12°

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жобалық офисінің басшысы Сабыр Қасымов большевиктік-сталиндік биліктің саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі жұмыс басталғанын мәлім етіп, азаматтарды зардап шеккендерді анықтау үшін өздерінің ата-бабаларының, туыстарының тарихи Отанынан қоныс аударудағы себептерін, құжаттық куәліктер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ауызша естеліктері мен нақты мән-жайларын анықтау бойынша көмек және жәрдем көрсете алатынын хабарлайды.

Бүгінгі күнде мемлекеттік комиссия шеңберінде кіші комиссиялар мен жұмыс топтары жұмыс істеп жатыр. Осы жұмыс топтарының бірі арнайы 1916-1930 жылдар аралығында мемлекеттің жазалаушы акциялары, ашаршылық пен большевистік-сталиндік биліктің саяси қуғын-сүргін салдарынан Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындардың мәселелерімен айналысады.

Қудалауға ұшыраған халыққа қарсы саяси науқандар мен қуғын-сүргінге және мұқтаждық пен ашаршылық салдарынан қалың бұқара өзінің туып өскен жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде олардың 5 миллионнан астам ұрпағы (қазақ халқының үштен бір бөлігі) өздерінің тарихи Отанынан тыс жерлерде өмір сүруде.

Олар өздерінің тарихи Отанында Президент Қ. Тоқаевтың Жарлығымен большевиктік-сталиндік биліктің саяси қуғын-сүргінінің құрбаны болған ата-бабаларына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі жұмыс басталғанын білуге құқылы. Азаматтар зардап шеккендерді анықтау үшін өздерінің ата-бабаларының, туыстарының тарихи Отанынан қоныс аударудағы себептерін, құжаттық куәліктер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ауызша естеліктері мен нақты мән-жайларын анықтау бойынша көмек және жәрдем көрсете алады.

 

– Осыған байланысты өз отбасының тарихына және саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты әділетсіздікке немқұрайлы қарамайтын жұртшылыққа жүгіне отырып, Кеңес өкіметін күштеп орнатуға қарсы болғаны үшін қуғындалған, тәркіленген, көтерілістерге қатысқаны үшін мемлекеттік қудалауға ұшыраған, Қазақстан аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдардың отбасылары мен ұрпақтарына қатысты ақпараттармен хабардар етуді сұраймыз.

Қоныс аударуға мәжбүр болған, қуғынға ұшыраған құрбандарды ақтауға байланысты қандайда бір дерекке ие азаматтар Мемкомиссияның жұмыс тобының мүшелеріне жүгіне алады. Ұрпақтардың жадында сақталған эпизодтар, құжаттар, қоныс аударылу барысындағы қиыншылықтар, оқиғалар, сондай-ақ ауыр сынақтар, аштық, ауруға байланысты өлім, мәжбүрлі қоныс аудару барысындағы басқа да фактілер болған жағдайда [email protected] электрондық поштасына жіберуді сұраймыз, – дейді Сабыр Қасымов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір