26 Мамыр, 2021 Экономика
Көрнекі сурет
1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына аудара алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар төмендегідей азаматтарда жинағын алу,ға мүмкіндік бар.
1) елу жасқа толғандар;
2) мүгедек азаматтар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған, Қазақстан шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) Ерікті зейнетақы жарналары негізінде кемінде бес жыл зейнетақы жинағы бар азаматтар;
Аталған баптың 1-тармағының 4) тармақшасы 2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Осы жаңашылдыққа сәйкес ЕЗЖ бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған барлық адамдар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 20 немесе 30 жастан бастай отырып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды.
Ерікті зейнетақы жарналарын алу екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпошта" варқылы жүргізіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір