31 Мамыр, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Вакакция іздеуге арналған GorodRabot.kz жүйесінің зерттеуі қазақстандықтардың 77 пайызы болашақты жоспарлаудың мәні жоқ деп санайтынын көрсеткен.
Сауалнама іздеу жүйесінің сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында 12-26 мамыр аралығында өткен. Оған 1100 адам қатысқан.
Қолданушыларға "болашағыңызды бірнеше жылға жоспарлайсыз ба?" деген сауал қойылған.
Зерттеу сауалнама қатысушыларының 77 пайызы ұзақмерзімді келешекті жоспарлаудың мәні жоқ деген пікірде екенін көрсетсе, тек 1 пайызы жуық 10 жылдықтағы нақты мақсатын айқындап алған.
Қатысушылардың 14 пайызы нақты бағыт-бағдары жоғын, бірақ алдағы 10 жылда неге талпынантынын білетінін жеткізсе, 5 пайызы алдағы 3 жылының жоспарын жасаған.
Сұралғандардың 3 пайызы 5 жылға мақсат құрып қойса, 1 пайызы ғана 10 жыл бұрынғы өмірін ойластырып тастаған.
Дереккөз: informburo.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір