• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:24:36
Алматы
+35°

Сыртқы істер министрлігі маусымнан бастап Түркияға кіру ережелері өзгергенін хабарлап, жаңа ережелерді жариялады.

Министрліктің хабарлауынша, Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан келген немесе соңғы 14 күнде осы елдерде болған жолаушылар соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесін ұсынуы қажет. Аталған елдерден келген жолаушылар 14 күндiк карантинге алынады. Карантиннің соңында ПТР тест нәтижесі теріс болса, карантин шаралпры тоқтатылады.

Сондай-ақ, Ұлыбритания, Иран, Мысыр және Сингапурдан келетін жолаушылардан соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесі талап етіледі.

Алғашқы екі тармақта көрсетілмеген елдерден, соның ішінде Қазақстаннан келген жолаушылардан тиісті мемлекеттің ресми органдары тарапынан рәсімделген төмендегі құжаттардың бірі ұсынылған жағдайда, ПТР тесттің теріс нәтижесі талап етілмейді:

  • Түркияға келуден кем дегенде 14 күн бұрын вакцинацияланғаны туралы ресми құжат;
  • соңғы 6 айда коронавируспен ауырғаны және жазылғаны жайлы құжат;

Аталған құжаттар болмаған жағдайда, төмендегілердің біреуі ұсынылуы керек:

  • Түркияға кірерден бұрын соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесi;
  • Түркияға кірерден бұрын соңғы 48 сағат ішінде жасалған жедел антигенді анықтау тестінің нәтижелері болуы тиіс.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір