• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:22:34
Алматы
+35°

Балалар әдебиетінің жазушысы, ақын Қастек Баянбай қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebook парақшасында жариялады. 

– "Бар әдебиеттің бастауы – балалар әдебиеті” деген Қастек ағамыз өзінің бүкіл саналы ғұмырын балалар әдебиеті жолына арнап, жалынды өлеңдер мен әңгімелер жазды, мазмұнды аудармалар жасады, қазақ журналистикасын дамытуға аянбай еңбек етті. Ағамыздың мол әдеби мұрасы – тозбас рухани қазына болып, зиялы болмысы – қалың оқырман қауымның мәңгілік есінде сақталады. Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын, – деп жазады министр. 
 
Қастек Баянбай 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналистика саласындағы еңбек жолын 1960 жылдан бастаған. 1971-1995 жылдары "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі "Жалын" баспасында бас редактор қызметтерін атқарған.

Балаларға арналған "Арғымақ" деген алғашқы жинағы "Жалын" баспасынан жарық көрді. Ақынның өлеңдері мектеп оқулығына енген, ертегілері бойынша мульфильм түсірілген. Шығармалары орыс, украин, өзбек, болгар, әзірбайжан тілдеріне аударылған.1986 жылы "Тәтті сабақ" жинағы үшін Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлық берілді. 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 



 

 




 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қастек Баянбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір