• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:27:25
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов "Ashyq" жобасына қатысты жаңа қаулы қабылдады. 

Аталған құжатқа сәйкес мынадай кәсіпкерлік объектілерде "Ashyq" жобасы іске асырылсын:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары;
  • сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;
  • (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  • цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас санитар дәрігерлері:

  • "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауда ұстауы тиіс;
  • "Ashyq" жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу, карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін;
  • қызмет түріне тыйым салынған және рұқсат беру құжаттары жоқ объектілердің қатысуына жол бермеу.

Қаулының толық нұсқасы мына сілтемеде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір