• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:26:50
Алматы
+35°

Ресей ғарыш агенттігінің басшысы "Вашингтон Ресейдің жер серігін ұшыруға кедергі келтірген санкцияларын алып тастамаса, Мәскеу Халықаралық ғарыш станциясынан шығып кетеді" деді.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің осы айдың соңында Женевада өтетін саммитті қарсаңында Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Ресей думасындаисөз сөйледі.

Рогозин Мәскеу өзінің кейбір жерсеріктерін ұшыра алмай жатқанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың санкцияларына байланысты Ресей өзінің ғарыштық бағдарламасына қажетті кейбір микрочиптер жиынтығын импорттай алмай отыр.

– Бізде зымырандар жетерлік, бірақ оларды ұшыратын ештеңе жоқ, – деген Рогозин Батыс санкциялары Ресейдегі белгілі бір саланың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп жатқанын мойындады. 

– Бізде ғарыш аппараттары негізінен толық құрастырылады, бірақ санкцияларға байланысты қажетті және нақты микрочиптер жиынтығын сатып ала алмаймыз, – деді ол.

Ресей 2014 жылы Қырымды Украинадан аннекциялап алғаннан кейін Америка Құрама Штаттары және басқа да батыс елдері Мәскеуге санкциялар сала бастады. Жақында АҚШ Мәскеуге презденттік сайлауға араласуы, кибершабуылдар мен Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың улануына байланысты санкция салған. 

– Егер Вашингтон жақын арада Ресейдің ғарыш мердігерлеріне қарсы санкцияларды алып тастамаса, Ресей 2025 жылы Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шығуы мүмкін, – деп мәлімдеді Рогозин.

1998 жылы басталған ХҒС көп мемлекет қатысқан жоба және екі сегменттен тұрады: АҚШ және басқа ғарыш агенттіктері бір бөлігін пайдаланады, ал екінші бөлігін Ресей ғарышкерлері қолданады.

АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA кем дегенде 2030 жылға дейін ХҒС-ны пайдалануды қолдайды. NASA басшысы Билл Нельсон өткен аптада CNN-ге "Ресейдің ХҒС-дан шығуы Ресей және Қытайдың АҚШ-қа қарсы жаңа ғарыштық бәсекесін тудыруы мүмкін" деп мәлімдеген.

Осы жылдың басында АҚШ президенті Джо Байден өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинді "киллер" деп атап, Ресейге, оның ішінде валюта-қарыз нарығына санкциялар салғаннан кейін, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастар қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең шиеленісті деңгейге жеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір