• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:56:29
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Айдарбаев президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беріп, орта мерзімдегі даму стратегиясы таныстырды.

Сонымен қатар ол Тоқаевқа "ҚазМұнайГаз" компаниясының дағдарыс жағдайында қаржылық тұрақтылықты сақтағанын және қазіргі уақытта пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Мемлекет басшысына Каспий қайраңындағы пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі "Абай", "Исатай", "Жеңіс" және "Әл-Фараби" сияқты инвестициялық жобалардың қазіргі мәртебесі туралы ақпарат берілді. Алик Айдарбаев полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндірісі бойынша мұнай-газ химиясы жобаларына қатысты жұмыстардың барысына арнайы тоқталды. Сонымен қатар жаңартылатын қуат көздерін дамыту және көміртегінен тазарту жөніндегі компанияның жоспарлары туралы айтты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Президентке ұлттық компанияның іске асырып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалары жайында, атап айтқанда, "Астрахан-Маңғышлақ" магистралды су құбырының қайта жөнделуі және Маңғыстау облысының Кендірлі кентіндегі су тұшытатын зауыттың құрылысы туралы баяндалды" делінген ресми сайт хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Айдарбаевқа ұлттық компанияның қаржылық тұрақтылығын одан әрі сақтауға, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесін және компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір