• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:43:38
Алматы
+35°

Ресей Еуропаның футбол басқарушы ұйымы УЕФА-ға Украинаның "саяси ойны" туралы шағымданып хат жолдады. Ресей футбол одағы (РФС) Украина құрамасының формасында бейнеленген Қырымды Украинаның бөлігі ретінде көрсететін карта УЕФА-ның "негізгі қағидаларына қайшы келеді" деп санайды

Ақпаратқа сәйкес, Қырымды Украинаның бөлігі ретінде көрсететін карта бейнеленген көйлек Мәскеудің шамына тиген.

Ал УЕФА киімдер "қолданыстағы ережелерге сәйкес мақұлданғанын" айтады. 

Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алды және оны өз аумағының бөлігі деп санайды. Дегенмен, бұл халықаралық деңгейде қабылданбады.

Украина футбол қауымдастығының (UAF) басшысы Андрий Павелко жексенбіде өзінің Facebook парақшасында Еуропа чемпионаты басталуға бірнеше күн қалғанда бұл киімдерді видео арқылы жариялаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір